Зейнетақы мен жәрдемақы тағы өседі

767

 Зейнетақы мен жәрдемақы тағы өседі

Сондай-ақ, мәжіліс зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру бойынша заң жобасын мақұлдады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың мәліметінше, төлемдерді өсіру 3 кезең арқылы орындалмақ. Бірінші кезең бойынша, биылғы қаңтарда ынтымақты зейнетақы 9 пайызға, базалық зейнетақы 7 пайызға артса, енді екінші кезеңде, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ынтымақты зейнетақы 11 пайызға базалық зейнетақы 13 пайызға көбейтілгелі отыр. Ал үшінші кезең келер жылдың шілдесінен бастап жүргізілетін болады. Ол базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты. Сондай-ақ, алдағы 1-ші шілдеден бастап зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын табыстың ең жоғарғы мөлшерін 41 айлық есептік көрсеткіштен 46 айлықесептік көрсеткішке дейін, яғни 93 мың 29 теңгеден 104 мың 374 теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу