Зейнетақы салымдарынан 1,2 трлн теңгенің кірісі түскен

899

Қазақстандықтардың зейнетақы салымы 12,9 трлн теңгеге жетті. 

Зейнетақы салымдарынан 1,2 трлн теңгенің кірісі түскен

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің қаңтар айындағы  инвестициялық портфелін жариялады. 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері ш12,9 трлн теңгені құраған көрінеді.

Былтыр осы активтер мынадай бағыттар бойынша инвестицияланған.

- ҚР Қаржы министрлігі шығарған ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Мұнда барлық портфельдің 43,8%-ы ЬЖЗҚ активінен алынған. Бұл бағалы қағаздардың ағымдағы құны 5 648,4 млрд теңге болып отыр.  Теңгедегі кірістілігі жылына 8,8% , доллардағы кісіртілігі – жылына 4,4%.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары. Барлық портфельдің 14,13 %-ы зейнетақы активтерінен алынған. Ағымдағы құны – 1 821,67 млрд теңге. Кірістілігі теңге номиналында жылына 10,8%, доллар номиналында – жылына 5,2%.

- ҚР Екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. Ағымдағы құны – 1 158,49 млрд теңге.  Кірістілігі теңге номиналында  10,1%, доллар номиналында – жылына 6,3%.

- Сыртқы басқарудағы активтер. Ағымдағы құны – 816,53 млрд теңге.  Бір жылдың ішінде мұндай активтердің үлесі 285,36%  өскен. 

Жалпы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарының 70,91%-ы теңгемен, 28,9%-ы доллармен, 0,19%-ы басқа валюталармен есептелген. Бұл инвестициялар бір жылда БЖЗҚ басқаруындағы зейнетақы активтеріне 1,2  трлн түсім әкелген. Атап айтсақ, бағалы қағаздар орналастыру мен "кері РЕПО"  операцияларынан сыйақы түрінде түскен кірістер 831,68 млрд теңге болған. Ал бағалы қағаздарды қайта бағалаудан 85,76 млрд теңге кірген. Шетел валютасын қайта бағалаудан 291,02 млрд теңге, басқа активтерді қайта бағалаудан 5,49 млрд теңге кіріс келген. Сондай-ақ, сыртқы басқарудағы активтерден 50,25 млрд теңге, өзге ұсақ  кірістерден 9,28 млрд теңге түскен.

БЖЗҚ елдегі салымшыларға өз салымдарының инвестициялық табысы елдегі инфляциядан жоғары болғанын мақтанышпен еске салып отыр. 2020 жылдың басынан бері елдегі инфляция деңгейі 7,5% болса, зейнетақы активтерінің орташа кірістілігі 10,92% болған.

Қордың ресми сайтындағы мәліметке сенсек, 1998 жылдан бері БЖЗҚ іске асырған инвестициялық операциялардың арқасында салымдардың инвестициялық табысы 5,6 трлн теңгеден асыпты. 22 жылда елдегі зейнетақы активтерінің табыстылығы 602,90%  құраған екен. Ал инфляция мөлшері 496,65% болған. Өткен бір жылда зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 106,25%-ды құрады.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу