Зейнетақы салымын алуға мүмкіндік беретін заң қайта қаралуы мүмкін

1091

Бірыңғай зейнетақы қорындағы салымды алуға мүмкіндік беретін заңға Президент қол қойғанымен, Үкімет әлі оның механизмін нақтыламады. Мәжілісмен Аманжан Жамалов бүгін Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, құжаттың "шикі" тұстарын атады, деп хабарлайды Atameken Business.

Зейнетақы салымын алуға мүмкіндік беретін заң қайта қаралуы мүмкін

Заңнамада зейнетақы салымын қолданып, алынатын пәтерді 5 жыл көлемінде сатуға шектеу қойылған. Депутат мұнымен, әрине, келіспейді. Себебі түрлі тұрмыстық жағдай болуы мүмкін. Мәселен, жұмыс ауыстырып, отбасымен басқа өңірге көшу кезінде ипотекаға алынған пәтерді сату қажеттілігі туады.

Қазір зейнетақы қорындағы салымын алуға құқылы 761 мың адам бар. Көбі алатын баспасын да қарастырып қойған. Бірақ заңның өзі әлі кабинеттен кабинет кезіп жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу