Аманжан Жамалов: Зейнетақы шегін 2 есе ұлғайту президент идеясының беделін түсіреді

9494

Аманат партиясының мүшесі, мәжілісмен Аманжан Жамалов Үкіметті зейнетақы жинағының жеткілікті шегін арттыру мерзімін тағы шегеруді ұсынды, деп хабарлайды Atameken Business.

Аманжан Жамалов: Зейнетақы шегін 2 есе ұлғайту президент идеясының беделін түсіреді

Ол бұл қадамды кем дегенде осы жылдың аяғына дейін қалдырып, кейбір пайдалану шарттарын қайта қарау керек деп есептейді.

Депутат сөзінше, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру бұл мемлекет басшысының идеясы.

Ал оның шегін 2 есе дерлік орынсыз ұлғайту  іс жүзінде президент идеясының беделін түсіреді. Осы ретте депутат өзгерістің енуіне санаулы күн қалса да жанталасқан халықтың көп екенін, алайда, жауапты министрлік пен қор үнсіз отыр деп сынға алды. Қала берді, Аманжан Жамалов зейнетақы жинағын тағы басқа мақсатта пайдалануға жол ашуды ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу