Зейнетақы шотын қалай бақылауға болады?

558

Дербес зейнетақы шотының жай-күйін бақылап отырудың тәсілі көп. 

Зейнетақы шотын қалай бақылауға болады?

Салымшылардың дені жеке шотты интернет арқылы бақылап отырғанды жөн көреді екен. Бүгінде бұл тәсілді 6,6 млн-нан астам адам пайдаланып отыр. Бұл дегеніміз – жалпы салымшылар үлесінің 54,2 пайызы. Мәселен, enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы 5 762 454 шоттың жай-күйі бақыланып отырады екен. Мұндай тәсілді таңдағандардың саны бір жыл ішінде 4 пайызға немесе 225 125 адамға көбейген.

Сондай-ақ жеке зейнетақы шоты туралы ақпараттарды электронды пошта арқылы бақылауға болады. Бұл тәсілді 853 954 адам пайдаланады. Аталған тәсілді пайдалану үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды поштаның мекенжайын қалдырасыз. Кейін шот иесіне таңдаған кестеге сәйкес тиісті ақпарат ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын келіп тұратын болады.

Шоттағы ақпараттың көшірмесін дәстүрлі пошта арқылы алатындар әлі де көп. Бұл тәсілді 1 297 726 адамның қолданатыны белгілі болды. Десе де, дәстүрлі поштаға иек артатындардың үлесі азайып келеді. Мәселен, 5 жыл бұрын мұндай тәсілді таңдаған салымшылардың саны 2 939 233 адамды құраған. Демек, көрсеткіш бес жыл ішінде 44 пайызға кеміген. 

Ал қор кеңселеріне келіп ақпарат алатындардың саны – 3 029 417 адам. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1 938 547 өтінішті құраған екен. Бір жыл ішіндегі өсім 56,3 пайызға жеткен. Осы орайда, бұл статистиканы көбінесе жаңадан ашылған шот иелерінің толықтырғанын ескерген жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу