Зейнетақы төлемін пайдалану ережесінің жобасы кабинет аралап жүр

1410

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Үкімет басшысы мен Ұлттық банк төрағасына жолдаған депутаттық сауалында осылай деп дабыл қақты.

Зейнетақы төлемін пайдалану ережесінің жобасы кабинет аралап жүр

"Үкімет баспана жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану ережесін әлі қабылдаған жоқ. 761 мың азамат осы ережені күтіп отыр", – деді ол. 
Аманжан Жамаловтың айтуынша, азаматтардың дені баспаналарын таңдап қойған. 
"Ереже жобасы түрлі келісулер бойынша кабинет аралап жүр", – деді депутат. 

Оның сөзінше, азаматтар баспананы 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуге қарсы. 

"Азаматтардың қарапайым өмірлік жағдайы ескерілмеген, яғни басқа өңірге көшу, тұрғын үй жағдайын ары қарай жақсарту жоспары назарға алынбаған. Президент тапсырмасы мен ел халқының үмітін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану бойынша қажетті заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды тездетіп, 2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін іске қосуды сұраймын", – деді Аманжан Жамалов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу