1414-тен SMS алған қазақстандықтар не істеуі керек

143

Ведомствоның 2025 жылғы 5 қыркүйектегі мәліметіне сәйкес, жәрдемақы немесе төлемді өтінішсіз алу мүмкіндігін 200 мыңнан астам азамат пайдаланып үлгерген.

1414-тен SMS алған қазақстандықтар не істеуі керек Фото: unsplash

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (ЕХӘҚМ) хабарлағандай, 2025 жылдың басынан бері Цифрлық отбасы картасын (ЦОК) енгізудің арқасында 349,7 мың қазақстандық әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алу үшін SMS хабарлама алған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген кезде әлеуетті алушыға бірыңғай байланыс орталығы 1414-тен SMS-хабарлама жолданады. SMS алған азамат оған келісімін білдіріп жауап беруі тиіс. Өтінішті ресімдеу мен әлеуметтік жәрдемақы немесе төлемді тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады, кейін қаражат алушының банк шотына аударылады", – делінген ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алаяқтық тәуекелдерін болдырмау үшін министрлік SMS-ке тек бірыңғай байланыс орталығы 1414-тен келген жағдайда ғана жауап беру қажеттігін ерекше атап өтті.

"Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөміріне хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Министрліктің еске салуынша, Цифрлық отбасы картасы мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде қалыптастырылады.

Бүгінгі таңда онда Қазақстанның 20,2 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу