Зейнетақы жинағы барлық салымшыға берілмейді

1029

Үкімет Президенттің тапсырмасын толық орындай алмайтын тәрізді. 

Зейнетақы жинағы барлық салымшыға берілмейді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағын баспана сатып алуға беру мәселесі күні бүгінге дейін талқыланып жатқанын жеткізді. 

"Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының базасында Ұлттық банкпен бірге зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселесін сараптап жатырмыз. Өкінішке қарай, республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік зейнетақы көлемі жыл сайын өсіп келе жатқаны анықталды", – деді Ләззат Ибрагимова.

Басқарма төрағасының түсіндіруінше, зейнетақы жинағын пайдалану үшін жалақының 70% көлемінде зейнетақы алуға мүмкіндік беретін жинағы болуы тиіс.

"Мұндай зейнетақы жинағы бар салымшылардың саны аз. Сондықтан қазіргі уақытта талқыланып жатқан тетік жинағының жеткілікті көлемі бар салымшыларға ғана қатысты болады", – деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты нақты шешім жыл соңында шығады. 

"Егер, қазір барлық қазақстандыққа зейнетақы жинағын жұмсауға рұқсат беретін болсақ, онда 15-20 жылдан кейін билікке мемлекеттік бюджеттен зейнетақы төлемдеріне тағы да ақша сұрауға тура келеді", – деді Ләззат Ибрагимова.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу