Баспана алу үшін еліміздегі 721 мың зейнетақы салымшысы 1,4 трлн теңгесін шеше алады. Еңбек министрінің сөзінше, оның 530 мыңы қорға жеткілікті қаражат мөлшерін жинағандар, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұдан бұрын хабарлағандай, ер-азаматтардың сома шегі 10 млн, әйелдердікі 12 млн теңге болуға тиіс. 178 мың адамның зейнетке шыққандағы табысы кем дегенде 40 пайызды құрайтын болса, жиналған ақшаның жартысын шешуге мүмкіндігі бар. 13 мың салымшы сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасса үмітті бола алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу