Зейнетақы жинағын емделуге жұмсауға өтінім қабылдау басталды

1205

Елімізде бүгіннен бастап зейнетақының бір бөлігін емделуге пайдалану үшін өтінім беруге болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Зейнетақы жинағын емделуге жұмсауға өтінім қабылдау басталды Фото: inbusiness.kz

Біржолғы жинақтарды ата-ананың, бауырлар, балалар және асырап алушылардың еміне жұмсауға болады. Ол үшін денсаулығын түзегісі келетін салымшы тіркелген емханасына барып, дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысын алуға тиіс. Егер рұқсат берсе, ем-дом жүргізетін медициналық ұйымды таңдап, онымен шарт жасасу керек. Кейін қос құжаттың сканерленген нұсқасын "enpf-otbasy.kz" сайтына жүктеп, өтінім қалдыруға болады. 5 жұмыс күні ішінде ақша арнайы шотқа түсуге тиіс.

Салымшы зейнетақы жинағын орфандық ауруларды, яғни өмірге қауіп төндіретін созылмалы дерттерді емдеуге жұмсай алады. Сондай-ақ бұл ақшаны тіс емдетуге, пластикалық операцияға, радиотерапиялар мен радиохирургиялық процедураларға және көзді емдету мен протон терапиясына да жаратуға болады. Тек стамотологиялық қызметтерді Қазақстаннан басқа елдерде алуға тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу