Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға бір күнде 10 мыңнан астам өтінім түскен

1038

Өтінімдерді қабылдаудың бірінші күні 2021 жылдың 25 қаңтарында  "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ  уәкілетті операторынан "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ға жалпы сомасы 114,6 млрд теңгеге 10 292 өтінім келіп түсті. Барлық келіп түскен өтінімдер сол күні қаралды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. 

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға бір күнде 10 мыңнан астам өтінім түскен

"8 460 өтінім (82% немесе жалпы сомасы 49,2 млрд теңге) тексеруден сәтті өтті. Заңнамаға сәйкес "БЖЗҚ" АҚ-ға өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей, салымшылардың "Отбасы банкі" АҚ арнайы шоттарына шамамен 49,2 млрд теңге аударылады. Аударымның орташа сомасы – 5,8 млн теңге", - деп дазылған хабарламада.

1832  (немесе18%-ы) өтінім заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен  "БЖЗҚ" АҚ төмендегі негізгі себептер бойынша оларды қабылдамады:

1. Сомалар қате, яғни шоттағы зейнетақы жинақтарының көлемінен асыра көрсетілген.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.

Салық заңнамасы бойынша міндетті зейнетақы жарналары қорға аударылған кезінде ЖТС салынбайды, сондықтан зейнетақы төлемдеріне салық салынуы тиіс. Салымшы біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде ЖТС төлеудің екі тәсілін таңдауға құқылы. Бірінші тәсіл - кейінге қалдыру, екінші тәсіл - біржолғы зейнетақы төлемі кезінде салықты толық көлемде бірден төлеу. Салымшының шешімі уәкілетті операторға берілетін өтінімде көрсетілуі тиіс.

3. Өтінімде алуға сұраныс жасалатын сомалар ең аз жеткіліктілік шегін есепке алмастан көрсетіледі. Салымшылар өз өтінімдерінде алуға болатын және үзінді көшірмеде көрсетілген сома шегінде емес, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын көрсеткен.

4. Өтінімдерде валюта бағамдарының құбылмалылығы және зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдары құнының өзгеруі нәтижесінде инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты өзгерістерді ескермейтін қате сомалар көрсетілген.

5. "БЖЗҚ" АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.

6. Салымшылар бірін-бірі қайталайтын өтінімдер де берген.

"Осы жәйттерді ескере отырып, азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты, оның ішінде қолжетімді сома туралы мәліметтерді enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильдік қосымшасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға тікелей өтінім берер алдында мұқият тексеруге кеңес береміз", - деп хабарлады БЖЗҚ. 

Естеріңізге сала кетейік, салымшының  БЖЗҚ-да жеткіліктілік шегінен асатын сомасы болған жағдайда, оны пайдалануға өтінім шексіз рет берілуі мүмкін. Егер қандай да бір себеппен салымшыға біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған өтінімді қанағаттандырудан бас тартылса, онда бас тарту себебін түзетіп, уәкілетті операторға қайтадан өтінім беруге болады.

БЖЗҚ, өтінім, жинақтарды алу, салымшылар, құжаттар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу