Зейнетақы жинағын несие төлеу үшін пайдалану ұсынылды

751

Несиесін төлей алмай отырған 1,5 млн қазақстандыққа зейнетақы қорындағы жинағының 30 пайызын беру керек. 

Зейнетақы жинағын несие төлеу үшін пайдалану ұсынылды

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов осындай ұсыныспен Премьер-министрге сауал жолдады. 

Оның сөзінше, қазір азаматтар қордан пайда табудың  орнына, ақшасынан айырылып жатыр.  Өйткені ондағы ақша құнсызданып, пайдаланылмайды. Зейнетақы қоры өзінің тиімсізідігінен ел тұрғындарының жинақтарын пайдалануына да қарсылық көрсетіп жатқан көрінеді. Депутат қор жұмысында ашықтықтың да жоқтығын айтып сынады. Сондықтан  парламенттік тыңдау өткізіп, шығыстарына шұғыл түрде тәуелсіз аудит, сондай-ақ активтері мен инвестициялық портфеліне ревизия жүргізуі қажет дейді. 

"Өткен жылы БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектерін орташа есеппен 64-тен 83%-ға дейін барабар емес көтеруді мүдделі түрде қолдаған. Биыл 23 қарашада мен Үкімет пен БЖЗҚ-дан осы қиын-қыстау кезеңде мыңдаған азамат өздерінің зейнетақы жинақтарын қайтадан пайдалана алуы үшін шектерді қайта есептеп, төмендетуді сұрадым. Ал 29 қарашада БЖЗҚ 2023 жылға арналған жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады, олар ағымдағы деңгейден 4-8%-ға жоғары", деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу