Зейнетақы жинағын сенімгерлікке беруге асықпау керек – экономистер

950

Бұдан былай зейнетақы қорының салымшылары өз жинағына билік ете алады.

Зейнетақы жинағын сенімгерлікке беруге асықпау керек – экономистер Фото: Ашық дереккөзден

Жаңа заң  күшіне енді. Алайда, экономистер "зейнетақы жинағаның жартысын инвест компанияларға салуға асықпау керек" дейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Өйткені, сыртқы геосаяси ахуалдың тұрақсыздығынан біраз қаржы жоғалтуы мүмкін. Қазақстандықтар жинақтаушы қордағы ақшасын сенімгерлікке беруде нені ескерген жөн?

Шілде айы басталысымен қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы жинағынан көбірек пайда табуға мүмкіндік туды. Қамсыз қарттыққа қомақты қаржы жинау үшін зейнетақы активтерін инвестициялық компанияларға беруге болады. Әрине, ол үшін қаржылық сауаттылықтың болуы маңызды. Өйткені, оның сақталуы мен мол табыс әкелетініне ешкім де кепілдік бермейді.

"Мемлекет зейнетақы жинағының тек Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана кепілдік береді. Ал сенімгерлік басқаруға берілген компаниялар кепілдік жоқ", - деді "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов.

Қазір Үкімет келісімшарт жасасқан 5 инвесткомпанияның тізімін ұсынды. Қорда жинағы бар кез келген азамат, қаржысының жартысына дейін осы сенімгерлерге басқаруға бере алады. Бірақ, 1 жылға дейін аталған жүйеден бас тарта алмайды. Кейін ғана, қаржысын қорға қайта аударуға мүмкіндік бар. Қазір бұл компаниялардың зейнетақы активтері 9 млрдтан асады. Алайда, экономистер бұл жаңашылдыққа асықпаған дұрыс деп отыр. Онымен қоса, ел тұрғындарының бәрі мұндай өзгеріске дайын емес дейді.

Негізінен сарапшылар бұл өзгерісті қолдап отыр. Қорда құр жатқан ақшаны табысқа айналдыратын кез жетті. Алайда тәуекелдерді ескеріп, асықпаған жөн. Ұлттық банктегілер де жинақты басқару  елдің бағалы қағаздар нарығына оң әсер етеді деген еді. Айта кетейік, қазір зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 16 млрдқа жуықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу