Зейнетақы жинағынан салық алына ма – Ұлттық экономика министрлігі жауап берді

177

Мәжіліс отырысында азаматтардың жеткілікті шегінен асқан зейнетақы жинақтарын пайдалануына байланысты жеке табыс салығының (ЖТС) төленуі туралы мәселе талқыланды.  

Зейнетақы жинағынан салық алына ма – Ұлттық экономика министрлігі жауап берді Фото: canva.com

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, зейнетақы қорынан алынған қаражатқа жеке табыс салығы (ЖТС) салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Енді жаңа Салық кодексінің жобасында бұл салықты алып тастау көзделіп отыр.

Отырыста Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау: "Салық кодексі мен оған ілеспе құжаттар" аясында зейнетақы қаражатына, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын ЖТС-ты алып тастау қарастырылып отыр. Дегенмен, көптеген азаматтар бұған дейін зейнетақы жинағынан алынған сомаға ЖТС төлеп қойған. Ал кейбір азаматтар салық төлеуді зейнетке шыққаннан кейінге шегерген. Бұрын төлеген салықты қайтарыла ма?", – деп cала өкілдеріне сұрақ қойды.

Аталған сауалға Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин жауап берді.

Оның айтуынша зейнетақы жинақтарын пайдаланып, шекті салық төлеу мерзімін кейінге қалдырған азаматтар – ЖТС төлеуден босатылады. Ал салықты бұрын төлеп қойғандар үшін – қаражат қайтарылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу