Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат алған азаматтардың ақшалары 1 ақпаннан бастап түседі. "Отбасы банкінің" басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова өтінім бойынша аударылатын қаражаттың орташа сомасы 6 млн теңге екенін жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.
Айтуынша арнайы ашылған порталда өткен демалыстарда берілген өтінімдер операторға тек дүйсенбі күні жеткен. Сол себепті ақша бір аптадан артық мерзімнен кейін аударылады. Банк басшылығы бір өтінімді игеруге берілетін 5 күндік мерзім аз екенін айтады. Бұл негізгі қызметтер бойынша міндеттемелері бар банк мамандары үшін қосымша жүктеме. Ал штат санын көбейтуге рұқсат берілмеген.
Бүгінгі күнге БЖЗҚ-дағы ақшасын шешуге 94 мыңнан астам арнайы есепшот ашылды. Ал "Отбасы банкіне" 61 мыңнан астам өтінім түсіп, 33 мыңға жуығы мақұлданды.