Зейнетақы жинақтарының артылған сомасы неге "жоғалып" кетті?

1214

БЖЗҚ қолданыстағы шекті көрсеткіш бойынша өтінімдерді 31 наурыз сағат 23:59-ға дейін қабылдайды.

Зейнетақы жинақтарының артылған сомасы неге "жоғалып" кетті?

Әлеуметтік желілерде соңғы үш күнде зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерден артылған сомасы жоғалып кеткендігі туралы мәлімдемелер қате. Бұл туралы “Отбасы банк” баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz. 

“Мысалы, 2022 жылғы 25-28 наурыз аралығында берілген 53 649 өтінімді, сұралған қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты, БЖЗҚ кері қайтарды. Бұған валюта бағамының өзгеруі және осыған байланысты зейнетақы жинақтарын қайта бағалау әсер етті”, – деп түсіндірді қаржы институты. 

Банк дерегінше, 2022 жылғы 25 наурызда зейнетақы активтерін қайта бағалауға ықпал еткен доллардың бағамы 494,16 теңгені, ал 2022 жылғы 28 наурызда 484,49 теңгені құрады.

“Өзінің БЗТ-ін бұрынғы шекті көрсеткіш бойынша пайдалану үшін банк enpf-otbasy.kz порталында өтінім беруді 2022 жылдың 29 наурызына дейін үлгеруді ұсынды. Себебі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және отбасын емдеуге арналған БЗТ-ін пайдалану қағидаларына сәйкес банк 2 жұмыс күні ішінде өтінімді өңдеп, БЖЗҚ-ға жібереді. БЖЗҚ қолданыстағы шекті көрсеткіш бойынша өтінімдерді 2022 жылдың 31 наурызын қоса алғанда сағат 23:59-ға дейін қабылдайды және қарастырады”, – деп нақтылады қаржы институты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу