"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан барлық ақшаны шешіп алуға болмайды. Ертең адамдар аз зейнетақы алып қалады, бұл дұрыс па? Біз болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғаймыз, лайықты ақы алуы керек", – дейді Шәпкенов.
Журналистердің сөзіне қарағанда, "Отбасы банк" мерзімді 29 сәуірге дейін созбақ.
"Отбасы банк" неге созғалы отырғанын білмедім. Анықтап көрейін", – деген ол 1 сәуірден бастап шекті мөлшер өсетініне сендірді.
Сондай-ақ кеше "Аманат" партиясы бұрынғы шекті мөлшерді жыл соңына дейін қалдыруды ұсынған. Министр олардың ұсынысы "қаралып", ведомстваның позициясы "түсіндіріледі" дейді.