Журналистер БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановтан ең төменгі жеткіліктілік шегін өзгертудің әдістемесін кім әзірлегенін сұрады, деп жазды inbusiness.kz.
"Бұл әдістеме барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірленді. Үкімет жанынан жұмыс тобы құрылды. Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй және емделуге пайдалану мүмкіндігі туралы бастаманы жүзеге асыру туралы тапсырма берді", – деді Жанат Құрманов мәжіліс отырысынан кейін.
Оның айтуынша, үкімет қаулысы 2021 жылдың қаңтарында бекітілген.
"Қаулыны мемлекеттік органдар әзірледі. Үкімет пысықтады. Құқықтық актілерді дайындауға зейнетақымен қамсыздандыру саясатын айқындайтын мемлекеттік органдар қатысады. Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда зейнетақы саясатын жүзеге асыруға қатысатын негізгі ведомство – Еңбек министрлігі", – деп атап өтті спикер.