Зейнетке SMS арқылы шығуға болады

1498

Зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеудің қанатқақты жобасы іске қосылды.

Зейнетке SMS арқылы шығуға болады

Зейнеткерлікке шығу барысында дәстүрлі түрде ХҚО арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау мемлекеттік қызметтері рәсімделеді. Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігі болмайды.

Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданады. Келісім берілген жағдайда, кадр бөліміне алдын ала тапсырылған құжаттар электронды түрде жауапты мемлекеттік органның мақұлдауына жіберіледі.

Жобаны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы іске асырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу