Зейнеткерді алдап, қомақты қаржысын иемденген 2 шетел азаматы ұсталды

336

Алматы қаласында қолған түскен көрші елдің азаматтары 77 жастағы Қарағанды тұрғынын алдап кеткен.  

Зейнеткерді алдап, қомақты қаржысын иемденген 2 шетел азаматы ұсталды Фото: polisia.kz

Алаяқтыққа қатысты қылмысты Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері алматылық әріптестермен бірлесіп ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алаяқтар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырып, әйел адамға қоңырау шалып, жинақтарын "қорғау" қажет деген сылтаумен барлық қаражатын өз еркімен беруге көндірген. Зейнеткер бастапқыда өзіне алаяқтық жасалғанына сенбеген. Полицейлермен ұзақ әңгімелескеннен кейін ғана алданғанын түсінген.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, тінту барысында күдіктілерден жалпы сомасы 22 миллион теңге тәркіленді.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу