Зейнеткерлер арасында шахмат және дойбыдан жарыс өтті

1055

Зейнеткерлер арасында шахмат және дойбыдан жарыс өтті

"Алау" мұз айдыны сарайында Қазақстан Республикасының ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай "Есіл" ауданының зейнеткерлері арасында шахмат және дойбыдан жарыс өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараны "Есіл" ауданы әкімінің аппараты Дене шынықтыру және спорт басқармасымен, Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы және "Есіл" ауданының ардагерлер кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Жарыстың қорытындысы бойынша шахматшылар арасында Т. Қадырбеков, Р. Галимов және В. Голубев жеңімпаз атанды. Дойбыдан К. Жанұзақова, Қ. Рахымжанов және Қ. Сәттібекова үздік атанды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар, медальдар және сыйлықтар табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу