Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы жинақтарының 50% ала ала ма?

Әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы жинақтарының 50% алуға болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы БЖЗҚ хабарлады. 

Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы жинақтарының 50% ала ала ма? Фото: Егемен Қазақстан

"Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарын пайдалану: зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе көзделген. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс", – деп хабарлады БЖЗҚ.

Осыған байланысты қор әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50% алу мүмкіндігі туралы "жалған" хабарламаларды елемеуге кеңес береді.

"Оның үстіне, БЖЗҚ барлық операцияларды тегін жүргізеді. Қордың сервистері туралы барлық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған, барлық қызметтер Қор бөлімшелерінде не enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі", – деп ескертті қордың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу