Зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% ұлғайды

Ол 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін шыққан зейнетке шыққандар адамдардың төлемдеріне қосылады.  

Зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% ұлғайды Фото: inform.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек демалысына 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% ұлғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес, яғни 28 396,9 теңге көлемінде жүзеге асырылады. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы да 5 %-ға  өседі.

Жекелеген санаттардағы алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, сондай-ақ жинақтары жалпы алғанда кемінде алпыс айға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары  есебінен қалыптастырылған адамдар үшін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері қарастырылған.

БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу