Зеленский АҚШ ұсынған бейбіт жоспарға қатысты тың мәлімет айтты

114

Киев жоспармен тағы бір танысып, оны ілеспе түзетулермен бірге АҚШ-қа жібереді.  

Зеленский АҚШ ұсынған бейбіт жоспарға қатысты тың мәлімет айтты Фото: ТАСС

АҚШ ұсынған 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспар 20 тармаққа дейін қысқартылды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз конференциясы Зеленскийдің Лондоннан Брюссельге ұшып бара жатқан ұшақта өтті.

"Бұрын 28 тармақ болды, енді 20 тармақ. Украинаның мүддесіне сай емес тармақтар алынып тасталды. Америкалықтар ымыраға келуге ниетті. Әрине, аумаққа қатысты өзекті мәселелер бар. Оған қатысты ешқандай ортақ ымыра жоқ", – деді Украина басшысы.

Зеленскийдің сөзінше, Украинаның Конституция және халықаралық құқық бойынша өз аумағын беруге құқығы жоқ.

"Ресей бізден жер беруімізді талап етіп отыр. Біз ештеңе бергіміз келмейді. Сол үшін күресудеміз", – деді ол.

Басылымның жазуынша, Киев қауіпсіздік кепілдігі мәселесін де көтерген.

Владимир Зеленский украин тарапы бейбіт жоспар бойынша жұмысты 9 желтоқсанда аяқтайтынын жеткізді. Кейін құжатты АҚШ-қа береді.

"Кеңесшілер Умеров әкелген жоспардың соңғы нұсқасымен жұмыс істейді. Еуропалық кеңесшілер де Украинаға көмектеседі. Меніңше, ертең жоспар дайын болады. Біз оны тағы бір қарап, АҚШ-қа жібереміз", – деді Украина президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу