Зеленский алғаш рет Киевтегі өзінің бункерін көрсетті

279

Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды.  

Зеленский алғаш рет Киевтегі өзінің бункерін көрсетті Фото: focus.ua

Украина президенті Владимир Зеленский соғыстың 4 жылдығына байланысты ел халқына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Украина басшысы Киевтегі Банковая көшесінде орналасқан Президент кеңсесінің ғимараты астындағы бункерді және өзінің жұмыс кабинетін көрсетті. Соғыс басталған уақытта мұнда әлемдік көшбасшылармен алғашқы келіссөздер жүргізілген.

"Мен дәл осы жерде президент Байденмен сөйлестім. Ол қауіп бар екенін, маған шұғыл түрде Украинадан кету керек екенін айтты. Сонымен қатар көмектесуге дайын екенін білдірді. Мен маған такси емес, қару керек деп жауап бердім... Бәріміз бір нәрсені анық түсіндік. Бізде басқа Украина жоқ. Бұл – біздің үйіміз", – деді Владимир Зеленский.

Сонымен қатар Зеленский Ресейдің басқыншылығы салдарынан қаза тапқан украиналықтарды еске алып, олардың рухына тағзым етті. Ол ел халқының барлық жарасын жазу үшін қанша уақыт қажет екенін білмейтінін жеткізді.

РБК-Украина басылымының жазуынша, ел Президентінің кеңсесі Киев қаласындағы Банковая көшесіндегі 11-інші үйде орналасқан. Ғимарат 1936-1939 жылдары XIX ғасырда салынған нысанның іргетасы негізінде тұрғызылған. Басында мұнда Киев ерекше әскери округінің штабы болды. Кейін ғимаратта Украина Коммунистік партиясының Орталық комитеті орналасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу