Зеленский астыққа қатысты келіссөздердің нәтижелі өткенін мәлімдеді

780

13 шілдеде Ыстанбұлда Украина, Ресей, Түркия және БҰҰ-ның украин астығын экспорттау үшін теңіз жолдарын ашу мәселесі жөніндегі келіссөздері өтті. 

Зеленский астыққа қатысты келіссөздердің нәтижелі өткенін мәлімдеді

Украина Президенті Владимир Зеленский Ыстанбұлда өткен төртжақты кездесудің жемісті өткенін мәлімдеп, Түркия мен Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдегі азық-түлік жеткізілімін қалпына келтіруге атсалысқаны үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зеленский Telegram аккаунтындағы мәлімдемесінде Түркия, Ресей, Украина әскери делегациялары мен БҰҰ делегациясының Украина порттарынан астық тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі төртжақты кездесуінде маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті. 

13 шілдеде Ыстанбұлда Украина, Ресей, Түркия және БҰҰ-ның украин астығын экспорттау үшін теңіз жолдарын ашу мәселесі жөніндегі келіссөздері өтті.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресей Украинадан азық-түлік экспорты үшін "астық дәлізін" қамтамасыз етуге, ал Түркия БҰҰ-ның қолдауымен кемелерді тексеруге келісті.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу