Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Джо Байденге бостандық үшін күресте "үнемі қолдау білдіргені үшін"ризашылығын білдірді. Бұл туралы ол өзінің Х
әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Соңғы жылдары Президент Байден қиын кезеңдерге жауап ретінде біраз мықты шешімдер қабылдады", - деп атап өтті Украина мемлекетінің басшысы.
Ол Байденнің президенттік жарыстан шығу туралы "ауыр, бірақ батыл шешімін"құрметтейтінін айтты. Зеленский Ақ үйдің басшысы "Путиннің біздің елімізді басып алуына жол бермеуге көмектесті және осы жан түршігерлік соғыс кезінде бізді қолдауды жалғастырды" деп қосты.
"Мен Президент Байденнің шешімін құрметтеймін және оның президенттігінің қалған кезеңінде біздің бірлескен жұмысымызды асыға күтемін", деп жазды Х-дағы аккаунтында жақында Ұлыбритания премьер-министрі болып тағайындалған Кир Стармер.
Стармердің ізашарларының бірі Борис Джонсон да Ақ үй басшысының шешімін қолдады: "Мен Джо Байденді оның шешімінің батылдығы үшін, сондай-ақ оның президент ретіндегі барлық істері үшін мойындаймын. Ол өзінің бүкіл мансабында сенімді Атлант және Ұлыбританияның досы болды және онымен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе еді", – деп жазды Джонсон.
Чехияның Премьер-министрі Петр Фиала Байденнің шешімін "жауапты әрі ауыр қадам" деп атады.
"Мен екі күшті әрі тең кандидат арасындағы демократиялық байқаудың нәтижесінде мықты президент сайлануына тілектеспін", – деп қосты ол.