РБК-Украина басылымының жазуынша, Украина басшысы Владимир Зеленский ақпаратты видеоүндеу арқылы хабарлаған.
"Біз бұл туралы серіктестермен сөйлестік. Серіктестеріміздің бізді тыңдағанын білеміз. Іс-әрекеттерге жақындап келеміз. Біз өз санкциялық пакеттерімізді дайындап жатырмыз, әсіресе үшінші елдердегі Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан субъектілер мен схемаларға қарсы", – деді ол.
Сонымен қатар, Зеленский Украина қорғанысын нығайта беретінін және Киев жақын арада серіктестерден елеулі әскери көмек пен болашақ ынтымақтастық жөнінде шешімдер күтетінін айтты.
"Соғыс кезінде де, соғыстан кейін де негізгі елдермен ынтымақтастық жалғасады", – деп түсіндірді ол.