Украина президенті Владимир Зеленский Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Ыстанбұлға барады, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Анадолы агенттігі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, бүгін Украина басшысы Зеленский Түркияға жұмыс сапарымен келеді.
Сапар аясында президент Ердоған мен Зеленский жеке және делегациялар арасында кездесулер өткізеді.
Кездесу барысында Ресей-Украина соғысына қатысты соңғы өзгерістер, 17 шілдеде аяқталатын астық дәлізі келісімі және екі ел арасындағы қарым-қатынастар талқыланады деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу