Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке келді

435

Украина президенті Владимир Зеленский Нью-Йоркке БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін келді. Ол бірінші рет дүйім жұрттың алдында жеке өзі сөз сөйлейді.

Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке келді Фото: pravda.com.ua

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында жоғары деңгейдегі апта басталады — ондаған мемлекеттердің президенттері, үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысатын іс-шаралар мен келіссөздер кешені, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Биыл негізгі пікірталастар Украинадағы соғыс пен жаһандық Оңтүстік елдерінің дамуы төңірегінде өрбіді.

Бір күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа келді. Ұшақтан түсе салысымен ол украин сарбаздары емделіп жатқан ауруханаға барды. 

Украина көшбасшысы алғаш рет Бас Ассамблеяда жеке өзі сөйлейді, кейінірек АҚШ президенті Джо Байденмен кездеседі, сондай-ақ, ол басқа әлемдік көшбасшылармен, Конгресс өкілдерімен және америкалық кәсіпкерлермен кездесу жоспарланған.

Politico жазғандай, Зеленский Нью-Йоркте екі мақсатты көздейді: ол ұсынған "Бейбітшілік формуласына" қолдау табу және азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысының шешімін табу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу