Украина Президенті Владимир Зеленский БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Ресейді Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық құрылымдарынан шығаруға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ресей Федерациясын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шығару керек, оның лаңкестік әрекеттері тоқтаған жоқ. Ресейлік әскерилердің украиналықтарға қарсы жасаған барлық әрекеттерін тергеу үшін трибунал құру керек", – деді Зеленский.
Оның ойынша, Мәскеу БҰҰ принциптерін бұзып отыр.
Зеленский ұйымнан "лаңкес мемлекет" терминін енгізуді сұрады. Ол Ресейді осындай мемлекет деп санайтынын мәлімдеді.
"Өкінішке орай, қазіргі уақытта БҰҰ-да ұйымға мүше барлық елдермен келісілген "лаңкес мемлекет" терминінің заңды анықтамасы жоқ", – деді Украина басшысы.
Еске сала кетсек, АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті 23 маусымда Ресейді терроризмді қолдайтын елдердің тізіміне қосу туралы қарарды мақұлдады.
Табиғат Нұрболат
Фото: liga.net