Зеленский БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Ресеймен келіссөздерге қарсы шықты

190

Владимир Зеленский БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Украинадағы қақтығысты шешу үшін Ресеймен келіссөз жүргізуге қарсы болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зеленский БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Ресеймен келіссөздерге қарсы шықты Фото: focus.ua / Украина Президентінің әкімшілігі

"Бұл қақтығысты келіссөздер арқылы шешу мүмкін емес, іс-әрекеттер қажет, өйткені Ресейді бейбітшілікке тек мәжбүрлеуге болады", – деді ол.

Зеленский жағдайды шешу үшін тағы бір мәрте өзінің "бейбітшілік формуласын" қолдануды ұсынды. Сонымен қатар, Қытай, Бразилия, Азия елдері, Латын Америкасы, АҚШ және басқаларды қақтығысты реттеу процесіне қатысуға шақырды.

"Біз қақтығысты аяқтау үшін екінші бейбітшілік саммитін дайындауымыз керек", – деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу