Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінен кейін америкалық көшбасшы Джо Байденмен Ақ үйде кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNN мен NBC News ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Телеарналардың сұхбаттасушыларының айтуынша, мемлекет басшыларының кездесуі Вашингтондағы Ақ үйде өтеді, ол жаққа Украина президенті Нью-Йорктен ұшып келеді.
Сонымен қатар, Зеленский АҚШ Конгресіне қатысады, деп хабарлады Республикалық партияның CNN дереккөзі, бірақ Украина көшбасшысы парламент отырысында сөз сөйлемейді, оның орнына заң шығарушылармен және басшылық мүшелерімен жеке кездесетінін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу