Зеленский де Трамппен телефон арқылы тілдеспек

Ол мұндай ойы барын Финляндия басшысы Александр Стуббпен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеген. 

Зеленский де Трамппен телефон арқылы тілдеспек Фото: РБК

Бұл қадам Ресей президенті Владимир Путин мен Дональд Трамп арасындағы соңғы келіссөздерден кейін жасалып отыр, хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Трамппен келесі қадамдардың егжей-тегжейін талқылаймыз деп ойлаймын. Сондай-ақ, оның Путинмен әңгімесінің мән-жайын естимін деп үміттенемін, – деді Зеленский.

АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесуінде Зеленкийдің басқа қандай тақырыпта әңгіме өрбітетіні белгісіз. Мұның нақты уақыты да белгісіз. Путин мен Трамп арасындағы келіссөзден соң қос тарап энергетикалық инфрақұрылымына шабуылын 30 күнге тоқтату туралы уағдаластыққа қол жеткізген болатын.

Осы уақытта Еуропалық көшбасшылар бір-бірін Украинаға қолдауды арттыруға және Ресейге қысымды сақтауға шақырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу