Зеленский екінші мәрте сайлауға қатысуы мүмкін

515

Ресей Федерациясы мен Украина қақтығысы жалғасқан жағдайда Украина басшысы екінші мерзімге үміткер болатынын айтты. 

Зеленский екінші мәрте сайлауға қатысуы мүмкін Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Украина президенті Владимир Зеленский егер Ресей Федерациясы мен Украина қақтығысы жалғаса берсе, екінші мерзімге үміткер болатынын айтты. Бұл туралы ол Digi24-ке берген сұхбатында хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Егер соғыс аяқталса, сайлауға түспеймін. Ал мынандай соғыс жағдайында қашып кете алмаймын", - дейді Зеленскийдің сөздері.

"2024 жылы соғыс жалғасын тауып, сайлау өтетін болса, мен өз елімнен қашып кетпеймін, қайта сайлауға түсемін", — деп атап өтті Украина басшысы.

Сонымен бірге ол соғыстың қашан аяқталуы мүмкін екенін білмейтінін атап өтті. Алайда, Украина басшысы қазір оның "соңғы кезеңі" жүріп жатыр деп болжам жасады.

"Меніңше, біз қазір соғыстың соңғы кезеңін бастан кешіріп жатырмыз. Бізде ақша, қару жағынан қорқыныш бар", - деді Зеленский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу