Зеленский экс-баспасөз хатшысына қарсы санкция енгізді

Президент сайтындағы жарлықта оның Украина туралы жалған ақпарат таратқаны жазылған.  

Зеленский экс-баспасөз хатшысына қарсы санкция енгізді Фото: УНІАН

Мендель де бұл жағдайды алдын ала сезгенін әрі санкцияның заңға сәйкес емес екенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жалған ақпарат пен ресейлік насихатты тарататын, сондай-ақ Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті саясатын қолдайтын 10 азаматқа шектеу шаралары қолданылды. Атап айтқанда, санкциялар Юлия Мендельге қатысты енгізілді, – делінген хабарламада. 

Мендель Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында аталған жайтты елеусіз қалдырмады.

– Украина азаматтарына қарсы санкциялар енгізу Конституцияға қайшы келеді, дәл сол сияқты Зеленскийдің көптеген басқа шешімі де заңға сәйкес емес. Владимир Зеленский оларды Украинадағы бейбітшілікті қолдайтын кез келген адамға қарсы пайдаланып отыр. Мен Такер Карлсонға берген сұхбатымнан кейін маған "мемлекетке опасыздық жасады" деген айып тағылуы мүмкін екенін білгенмін және санкция енгізілуі ықтимал екенін де болжадым.

Бұл менің ұстанымымды да, миллиондаған украиналықтың көзқарасын да өзгертпейді. Украинаға аман қалу үшін тағы бір автократия емес, бейбітшілік қажет, – деді Юлия Мендель.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу