Зеленский Грузияға қатысты өз пікірін білдірді

601

"Шетелдік агенттер" туралы заң жобасына шыққан жұртшылық "демократияның" белгісі ретінде қолдарына Украина туын ұстап, әнұранын айтқан. 

Зеленский Грузияға қатысты өз пікірін білдірді Фото: ГОРДОН

Мұндай әрекетті Владимир Зеленский Украинаға көрсетілген құрмет деп бағалады өзінің жазбасында, деп жазады inbusiness.kz Telegram-хабарламаға сілтеме жасап.

"Достас Грузияның жетістігін қаламайтын украин жоқ. Демократиялық табыс. Еуропалық табыс. Біз Еуроодақта болғымыз келеді және біз сонда боламыз да. Біз Грузияның Еуроодақта болғанын қалаймыз, солай болатынына сенімдімін. Біз Молдованың Еуроодақта болуын қалаймыз және солай болатынына сенімдімін. Еуропаның барлық еркін елдері соған лайық", – деді ол.

Грузия астанасы Тбилисиде арнайы жасақ пен шетелдік агенттер туралы заңның қабылдануына қарсы наразылық акциясына қатысушылар арасындағы қақтығыс күш ала бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу