Зеленский халыққа үндеу жолдады

1099

Зеленский бұл үндеуді Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлескен соң жария етті. 

Зеленский халыққа үндеу жолдады

Украина Президенті Владимир Зеленский ұшақ апатына қатысты және өз кінәсін мойындаған ресми Тегеранның мәлімдемесіне байланысты халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Зеленский бұл үндеуді апат орнында жұмыс істеп жатқан украиналық мамандар тобымен кеңесіп, Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлескен соң жария етті. Зеленскийдің мәлімдеуінше, ресми Тегеран ұшақ апатына кінәлілер жазаланатынына уәде берген. Бұған қоса украиналық мамандарға мейілінше қолдау көрсететінін айтыпты. 

"Хасан Рухани қаза тапқан жолаушылардың денесі елге мейлінше тезірек қайтарылуы үшін тиісті тапсырма беретінін айтты. Украинаның сыртқы істер министрлігі шұғыл түрде Иранға мәселені реттеуге қатысты нақты қадамдар бойынша нота жібереді. Оның ішінде өтемақы төлеу жағы да бар. Иран тарапы бұл мәселеде Украинамен толық келісіп отыр",– дейді Украина Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу