Зеленский Ираннан көбірек ақша бөлуді талап етті

687

Иран ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына 80 мың доллар бөлді.

Зеленский Ираннан көбірек ақша бөлуді талап етті

Иран ұшақ апатынан қайтыс болған әр украин азаматының туған-туысына 80 мың доллар көлемінде өтемақы бөлді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бірақ Зеленский оның тым аз екенін айтады. Украин Президенті Тегерандағы биліктен одан да көбірек ақша бөлуді талап етті. Сонымен қатар ол, қара жәшікті елге алдырып, тәуелсіз сараптама жасау қажет дейді.

Бүгін украиналық мамандар Иранға барып, тергеу жүргізуге қажетті ақпарат алуға тиіс.

Естеріңізге сала кетейін, генерал өлімінен кейін Иран Ирактағы америкалық базаға әуе шабуылын жасамақ болып, абайсызда Канадаға бағыт алған Украина ұшағын атып түсірген еді. Салдарынан 176 жолаушы ажал құшты. Содан кейін, 5 мемлекет бірігіп, Ирандағы ұшақ апатына қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етті. Олар – Канада, Украина, Ұлыбритания, Швеция және Ауғанстан. Аталған мемлекеттердің дипломаттары Халықаралық азаматтық авиация Конвенциясына сәйкес, халықаралық тергеу жұмыстарына басқа да мүдделі тараптардың қатысуы қажет деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу