Владимир Зеленский Израильге қақтығыстың күшеюі аясында "қолдау көрсету үшін" барғысы келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Axios порталына сілтеме жасап.
"Зеленскийдің кеңсесі Израиль премьер-Министрінің Кеңсесіне сапарды келісу туралы ресми өтініш жіберді, деп мәлімдеді украин және Израиль шенеуніктері", — делінген мақалада.
Портал дереккөздерінің айтуынша, бұл мәселе бойынша келіссөздер алдын ала сипатқа ие және сапар күні әлі анықталған жоқ. Бұл ретте Зеленскийдің кеңсесі мен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі әзірге түсініктеме беруден бас тартқаны атап өтілді.
Бұған дейін Зеленский France 2 телеарнасына берген сұхбатында Израильдегі шиеленістен кейін Украинадағы қақтығыс халықаралық қауымдастықтың назарынан тыс қалуынан қорқатынын мәлімдеген болатын, себебі немқұрайлықтың арты үлкен мәселеге әкелуі мүмкін.