Келесі жылы Украинаға 55 миллиард доллар қажет – Зеленский

559

Яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға 38 миллиард доллар, ал инфрақұрылымды қалпына келтіруге 17 миллиард доллар қажет.

Келесі жылы Украинаға 55 миллиард доллар қажет – Зеленский Фото: aa.com.tr

Украина Президенті Владимир Зеленский өз еліне келесі жылы бюджет тапшылығын жабу және инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін барлығы 55 миллиард доллар қажет екенін айтты. Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Украина Үкіметі оны қолдауды талқылау үшін донор елдердің қатысуымен екінші дөңгелек үстел отырысы өтті.

Кездесуге Украина Президенті Зеленский мен Украина Премьер-Министрі Денис Шмыгал бейнеконференция форматында қатысты.

Зеленский 2022 жылы Ресей терроры Украина экономикасының үштен бір бөлігін  құлдырауға әкелді деп мәлімдеді.

Сонымен қатар халықтың табысы да үштен біріне қысқарған. Зеленский барлық жағдайды ескере отырып, 2023 жылғы мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін 38 миллиард доллар мен маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге 17 миллиард доллар қажет екенін жеткізді.

Украина Президенті Үкіметке электр инфрақұрылымын қалпына келтіру және Еуропаға экспортты кеңейту үшін арнайы несиелер қажеттілігін де айтты.

ХВҚ директоры Кристалина Георгиева 2023 жылы да Украина қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келетінін болжап отыр. Ал соғыстың жалғасып жатқанын ескерсек, Георгиева Украинаның 2023 жылғы қаржылай қажеттілігі айына шамамен 3-4 миллиард долларды құрайды деді. Георгиева 2022 жылы Украинаға 35 миллиард доллар гранттық және несиелік қаржыландыру бөлінгенін мәлімдеді.

"Украинаға қайырымдылық жасауды тоқтатпау керек", – деді АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен.

Жақында АҚШ Конгресі Украинаға 4,5 миллиард доллар көлемінде тағы бір өтеусіз көмек пакетін мақұлдағанын атап өтіп, Йеллен бұл көмек алдағы аптада төленетінін айтты. Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс Украинаның әскери емес бюджеттік қаржыландыруға қолдау қажет екенін мәлімдеді.

Дүниежүзілік банк тобы соғыс басталғалы бері АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа елдері мен Жапониядан гранттар, кепілдіктерді қоса алғанда, барлығы 13 миллиард доллар жиналғанын айтады. Малпасс бұл соманың шамамен 11 миллиард доллары төленіп қойғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу