Дональд Трамп АҚШ президенті лауазымына ұсынылғаннан кейін келесі күні Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы болып қайта сайланғаннан кейін Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен қарым-қатынасын қалпына келтіруге ниетті. Бұл туралы саясаткер Милуокидегі республикалық конвенцияда мәлімдеді.
Трамп атап өткендей, ол КХДР-мен "тіл табыса" алды және Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруларын тоқтатуға қол жеткізді.
"Қазір КХДР бұрынғысына қайта бастя, бірақ біз қайтып келгенде, мен олармен тағы да сөйлесермін. Ол [Ким Чен Ын] менің оралғанымды қалайтынына сенімдімін. Ол мені сағынатынына сенімдімін", – деді экс-президент.