Владимир Зеленский кинодағы әріптестерін бірқатар мемлекеттік қызметке тағайындады. Президенттің бірінші көмекшісі лауазымы Сергей Шефирге бұйырды. Ол "Квартал 95" атты студияның продюссері болған.
Ал президент әкімшілігін басқаруға Андрей Богдан келді. Бұған дейін ол украин бизнесмені Владимир Коломайскийдің заңгері болған. Сондай-ақ "Слуга народа" фильмінің сценарийін жазған Юрий Костюк пен "Квартал 95" студиясының атқарушы директоры Сергей Трофимов президент әкімшілігінің орынбасары болып тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу