Украина Президенті Владимир Зеленский Қытайдың 5 компаниясына қарсы санкциялар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тізімде Қытай Халық Республикасында тіркелген 5 заңды тұлғаның атауы көрсетілген.
Шектеулер мерзімі – 10 жыл. Санкциялар аясында активтерді бұғаттау, сауда операцияларын жүргізуге және активтерді Украинадан шығаруға тыйым салу, лицензияларды – соның ішінде жер қойнауын пайдалануға рұқсаттарды қайтарып алу және тағы басқа шаралар қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу