Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания астанасы Лондонға іс-сапармен келді, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгін Лондонға да жеттік. Ұлыбритания жерде болсын, аспанда болсын күшіміз бен мүмкіндіктерімізді арттыруға келгенде көшбасшы екені сөзсіз. Бүгін де достығымыз жалғасын тапты. Досым Ришимен кездесемін. Біз көзбе-көз әрі делегациялармен нақты келіссөздер жүргіземіз", - деді Украина басшысы.
Зеленскийдің айтуынша, оның Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен кездесуі алдын-ала жоспарланған.
Бұған дейін Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Лондонда "маңызды кездесулер" болатынын жариялаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу