Зеленский Мәскеуге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

131

29 мамыр күні Украина басшысы халқына үндеу жолдады. 

Зеленский Мәскеуге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады Фото: Anadolu Agency

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің соғыс пен бейбіт келіссөздерді созып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "РБК-Украина" басылымына сілтеме жасап.

"Ресей соғысты созып жатыр. Мәскеуге қысыммен емес, сөзбен әсер етуге тырысып жүрген елдерді сан соқтыру үшін барлығын жасап отыр. Мәскеуге сөз өтпейді. Олар бір аптадан аса уақыт дайындаған "меморандумды" әлі ешкім көрген жоқ", - деді Зеленский Телеграм арнасында жариялаған үндеуінде.

Сөзінше, Ресей тиісті "меморандумды" Украинаға да, кездесуге араағайын болған Түркияға да бермеген. Владимир Зеленский Мәскеу АҚШ пен Дональд Трампқа басқа уәде бергенін жеткізді.

"Ресейліктердің кезекті өтірігі. Олар кездесулерден ештеңе шықпауы үшін бәрін жасап жатыр. Бұл Ресейге қарсы санкциялар мен қысым болуы керек екенінің тағы бір белгісі", - деді ол. 

Басылымның жазуынша, Ыстанбұлдағы келіссөздер аяқталған соң Ресей "меморандум" әзірлеп жатқанын мәлімдеген. Құжатта атысты тоқтату жөніндегі Мәскеудің ұстанымы көрсетілуі тиіс. Кремль өкілдері бұл меморандум алдағы бейбіт келісімшарттың негізі болуы мүмкін екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу