Украинадағы президент сайлауының екінші кезеңіне актер Владимир Зеленский мен қазіргі Президент Петр Порошенко өтті, деп хабарлайды Atameken Business.
Экзит-пулдың нәтижесі бойынша, Зеленский қарсыластарынан оқ бойы озып келеді. Оған халықтың 30,4% дауыс берген.
Ал екінші орында – Петр Порошенко. Ол 17,8% дауыс жинаған.
Юлия Тимошенко 14,2% дауыс жинап, үшінші орында келеді.
Айта кетейік, Украина Президенті сайлауының бірінші кезеңі 31 наурызда өтіп, оған 39 үміткер қатысқан. Бұрын-соңды мұндай белсенділік болған емес.
Орталық сайлау комиссиясы 10 күн ішінде дауысты есептейді. Әзірге ешбір үміткердің сайлаушылардың 50 пайызынан артық қолдауына ие болмағаны анық. Демек, 21 сәуір күні 2-ші кезең болады.