Индонезия Президенті Джоко Видодо Ресей Басшысы Владимир Путин Үлкен жиырмалық саммитіне (G20) баруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz France Press агенттігіне сілтеме жасап.
Ол қақтығысты тоқтатуға және Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің жүргізілуіне атсалысуға дайын екенін жариялады.
2022 жылдың қараша айында өтетін бұл шараға Украина Президенті Владимир Зеленский де шақырылды.
Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки саммит өткізетін Индонезияның Украинаны шақыру туралы шешімін АҚШ қолдайды деп мәлімдеген болатын. Ал Кремльдің өкілі Дмитрий Песков Владимир Путиннің Джакартадағы Үлкен жиырмалық саммитіне қатысуы туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты.
Табиғат Нұрболат