Зеленский мен Путин Түркияда кездесуі мүмкін

364

Бірнеше мемлекеттің аты аталды. 

Зеленский мен Путин Түркияда кездесуі мүмкін Фото: www.aa.com.tr

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен алдағы келіссөздер қайда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осы аптада Түркиямен, Парсы шығанағы елдерімен, Еуропа елдерімен сөйлесеміз. Бұл мемлекеттер ресейліктермен келіссөз жүргізуге арналған алаң болуы мүмкін.  Өз тарапымыздан соғысты тоқтатуға барынша дайындаламыз", – деді Зеленский.

Украина басшысы алдағы оқиғалардың қалай болатыны АҚШ секілді алпауыт ел көшбасшыларының ерік-жігеріне байланысты екенін баса айтты. 

"Ресей шынайы келіссөзден жалтарғысы келетінін ғана байқатып отыр. Мұны күшті санкциялармен, тарифтермен ғана өзгертуге болады. Біз де өз тарапымыздан ықпал етуі мүмкін қадамдарды жасап жатырмыз", – деді Украина президенті.

Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров NBC News арнасына берген сұхбатында келіссөздер Ыстанбұлда жалғасуы мүмкін екенін айтқан болатын.  

Айта кету керек, Трамп Зеленскийдің легитимділігіне күмән келтірген Ресей мәлімдемесін сынға алғанын жазғанбыз. Бұған дейін Лавров Зеленскийдің Украина-Ресей қақтығысын реттеуде қандай да бір құжаттарға қол қоюға заңды құқығы жоқ деп айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу