Зеленский мен Рим Папасы кездесті

131

Жаңа Рим Папасы XIV Лео 18 мамырда өткен таққа отырғызу рәсімінен кейін бірден Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді.    

Зеленский мен Рим Папасы кездесті Фото: X/ZelenskyyUa

Жаңа понтифик 8 мамырда сайланған күнінен бастап бірнеше рет Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге шақырып келеді.

Кездесуден кейін Украина президенті оған Ватиканды Киев пен Мәскеудің келіссөздер алаңына айналдыру туралы ұсынысы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлемдегі миллиондаған адамдар үшін понтифик бейбітшілікке деген үміттің символы болып табылады. Қасиетті Тақтың беделі мен дауысы осы соғысты аяқтауда маңызды рөл атқара алады. Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер үшін алаң болуға дайын екені үшін Ватиканға алғыс айтамыз. Біз нақты нәтижелер үшін кез келген форматтағы диалогқа дайынбыз", – деп жазды Украина президенті әлеуметтік желілерде.

16 мамырда Ыстанбұлда өткен үш жыл ішіндегі алғашқы тікелей келіссөздерден кейін XIV Лео Ватиканның делдалдық жасауға, соның ішінде диалог алаңы ретінде қызмет етуге дайын екенін ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу